Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығы
(2025.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Жумангарин |
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024.26.12. № 8 бұйрығымен қағидалары жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген
Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және нарық субъектілеріне негізгі қуатқа тең қол жеткізуді беру тәртібін айқындайды.